Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері Ж.Дихамбаева мен Қ.Сулейменова Ақсу, Кербұлақ аудандары шағын жинақты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «ШЖМ жағдайында функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар және оны қолдану» семинар өткізді.Іс-шара барысында ауыз әдебиеті үлгілері мен ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту, бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын мен креативті ойлауын қалыптастыру бойынша орталық әдіскерлері Ж.Дихамбаева мен Қ.Сулейменова тапсырма түрлерін көрсетіп, әдістемелік көмек ұсынды. Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Сатыбалдина, Қарасай ауданы әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі К.Нуриева бастауыш сыныпта математикалық, оқу сауаттылықты ойын арқылы дамыту тәжірибелерін ортаға салды.
