Күзгі каникул мектебінің іс шаралар шеңберінде «Химия пәнінен қиындық тудырған оқу мақсаттарын меңгерту жолдары» тақырыбында аймақтық оқыту вебинарлары өтті. Вебинарда Талғар ауданының №26 ОМ мұғалімі Гаухар Қанат, №41 ОМ мұғалімі Д.Жорабаева, №10 ОМ мұғалімі А.Куджанова, Ескелді ауданы Жакыпбаев атындағы ОМ мұғалімі Л.Баясхан, Панфилов ауданы Жаркент ОМ мұғалімі С.Утемисов, Сарқан ауданы М.Жұмабаев атындағы ОМ мұғалімі Жеңіс Еркеш өз сабақтарында білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттарын түсіндіру бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып, тәжірибелерін ортаға салды.
