Күзгі каникул мектеп аясында информатика пәні мұғалімдеріне олимпиадалық тапсырмаларды орындауда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Информатика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда мұғалімдер информатика пәні бойынша білім алушыларды олимпиадаға дайындау барысында олимпиадалық тапсырмаларды талдап, олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдерімен бөлісті.