Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 11 қараша күні Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таңшолпан» балабақшасы мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытындысы негізінде мектепке дейінгі ұйымға әдістемелік көмек көрсетілді. Орталық әдіскері Р.Тумаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарына сәйкес оқу қызметі кестесін құру, айлық перспективалық жоспар мен апталық циклограмма жоспарлау, тәрбиеленушілердің даму мониторингісі бойынша бастапқы, аралық, қорытынды нәтижелерін талдау, баланың жеке даму картасында түзету дамыту жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
