Тапсырмаларды құрастыруда мобильді қосымшаларды қолдану тиімділігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі — оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинары өтті. Вебинарда Жаркент көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы А.Қалық толықтырылған шындық және виртуалды шындық технологиясы мүмкіндіктері, Шонжы политехникалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Маметова мобильді қосымшаларды әзірлеу және бағалау, Шонжы политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері С.Турдыбакиева сабақта сауалнама жүргізу үшін PLICKERS бағдарламасын пайдалану туралы өз тәжірибелерін ортаға салды.