Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы а.ж. 15 қарашасында «Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Мақсаты: «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік, озық педагогикалық тәжірибені анықтау, тарату, педагог еңбегінің беделін арттыру және қолдау. Байқауға қалалық, аудандық кезеңдерінің 16 жүлдегерлері қатысты. Қазылар алқасы шешіміне байланысты төмендегі аты аталған педагогтер облыстық байқаудың жеңімпаздары деп танылды: Бас жүлде — Шайланов Ерболат Сексенбайұлы, Іле ауданы №40 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
І орын — Зұлбұхар Жансая Дүйсенқұлқызы, Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
ІІ орын — Волкова Елена Викторовна, Текелі қаласы Текелі қаласы № 7 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
ІІ орын — Ауганбаева Макпал Сатыбалдиевна, Ескелді ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
ІІІ орын — Ақбар Ләззат Берікқызы, Балқаш ауданы Қарағаш орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
ІІІ орын — Калыкова Марал Куанышевна, Талғар ауданы№23 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі;
ІІІ орын — Уркунбаева Макпал Азаматовна Жамбыл ауданы Қайназар № орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі.
«Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» байқауының жеңімпазы Іле ауданы №40 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Шайланов Ерболат Сексенбайұлы республикалық кезеңге жолдама алды.