Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауда мектеп басшыларының пікір алмасуына жағдай жасау, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Табысты мектеп директорлары» ассоциация мүшелерімен «Мектептің оқу -тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарда Талғар ауданы №21 орта мектеп директоры К. Айтбаев оқу жылына сараптамалық талдау жасау, Алакөл ауданы, Ақтүбек орта мектебінің директоры Г. Тайкенова мектептішілік бақылауды жоспарлауда мектептегі тәжірибелерімен бөлісті.