ТжККБ оқу-тәрбие жұмыстарын үйлестіру мақсатында Сарқан политехникалық, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледждеріне «Оқу-тәрбие үрдісін тиімді жоспарлау» әдістемелік күн ұйымдастырылды. Әдістемелік күн барысында инженер педагогтерге білім беру процесін ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізу бойынша Талғар политехникалық колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Э.К. Бейсембаева тәжірибесімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері тарапынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің №583 оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа алу және оқу-өндірістік процесін жүзеге асыруда жұмыс ережелерін МЖБС мен әдістемелік нұсқаулықтарға сүйене отырып орындау туралы әдістемелік көмек берілді.