Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында орыс тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдері ассоциациясымен бірлесіп «Педагогический проспект: новые идеи» тақырыбында вебинар-практикум өткізді. Шара барысында Талдықорған қаласы №12 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Филимонова Елена Рустамовна білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру үшін Google Meet бейнеконференция сервисінің қолайлылығын көрсетті.