1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күніне орай Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі базасында «Тұғыры биік, рухы асқақ, ұлттың ұлы тұлғасы — Елбасы» облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған шара барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті зайырлы мемлекеттің негізін қалап, болашағын қалыптастырудағы тарихи рөлін, жаһандық және тарихи үдерістердегі халықаралық түрлі бастамаларын айшықтау, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау саясатын насихаттау, азаматтық, патриоттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында секция жұмыстары ұйымдастырылды. Конференцияға Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері, Алматы облысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Кемелбекова Күміс Пармашқызы, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының, ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары және колледж педагогтері қатысты.