Математика, информатика пәндері педагогтерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Озат ұстаз – озат тәжірибе» тақырыбында өңіраралық вебинар өтті. Вебинарда Қарасай ауданы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі Оразәлі Гулина оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдарын көрсетсе, Ақсу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі А.Қаймұқанов педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындық жүргізу үшін тренажер ұсынды. Ал Ескелді ауданы, Қаратал орта мектептің информатика пәні мұғалімі К.Михов, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы №1 орта мектептің информатика пәні мұғалімі А.Тұрсынбаев жобалау әдісін қолдануда өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараға Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан пән мұғалімдері қатысып, кері байланыстарын берді.