Жаңартылған бағдарлама аясында педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында «Жаңартылған бағдарлама: жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндік» атты республикалық онлайн конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық жұмысында «Таlаp» холдингі КЕАҚ-ның техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту департаментінің директоры Далабаев Жанат Куанышбаевич, «Өрлеу БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Мухтаров Аманғали Хамидоллаулы, Қазақ Университеті баспа үйі сату бөлімінің менеджері Орманханова Баян Жолдасбекқызы, Қостанай ауылшаруашылық колледжінің ауылшаруашылық мамандығының бөлім меңгерушісі, б.ғ.к. Балабаев Булат Кабланович өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция «Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың мүмкіндіктері», «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны», «Білім беру ортасы: жеке тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру» тақырыптарындағы секциялармен жалғасты. Секция жұмысында оқытудың модульдік-кредиттік жүйесі, оқытудағы сандық білім беру ресурстардың тиімділігі, отбасы, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жобалардың жүзеге асуы, білім беруді басқару органдарының, азаматтық қоғамның, БАҚ, ата-аналар қоғамдастығының балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру саласындағы ынтымақтастықтың енгізілген тиімді тетіктерін ұсыну проблемалары талқыланып, педагогтер өзара тәжірибе алмасты.