Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 Экономика және бизнес» арнаулы лицейі «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында магниттік мектептер педагогтеріне арналған «LS -мұғалімнің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру, тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі» тақырыбындағы зерттеу сабақтарын жүргізді. Зерттеу сабақтарына қазақ тілі, география, ағылшын тілі, математика пәндері педагогтері қатысып, зерттеу сабақтарын жүргізудің бағыт –бағдары талқыланып, ортақ пікірлер мен ұсыныстар айтылды.