Талдықорған қаласы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Маханова Гульпара Замадиновна мен Денисова Светлана Анатольевна орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен халықаралық Пушкин конкурсында лауреат атанды. 2021 жылдың 22 желтоқсанында Мәскеу қаласында өткен марапаттау рәсіміне байқау ұйымдастырушылары «Русская газета» мен Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаменті жеңімпаздарды арнайы шақырып марапаттады. Педагогтерді шын жүректен құттықтаймыз!