Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарының өндірістік кәсіптік тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыруда педагог мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтті. Вебинарда орталық әдіскері С.Рамазанов кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын таныстырса, Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Искакова практика жұмыстарын ұйымдастыруда жұмысшы мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарды жоспарлап өткізуде тәжірибиесімен бөлісті. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі басшының өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Г.Жартыбаева білім алушылардың педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру және оларға кері байланысты тиімді берудің жолдарын ұсынды.