Жаңартылған білім беру жағдайында CLIL әдісін қолданудың тиімді жолдарын көрсету, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету мақсатында «CLIL пәндік тілдік интеграцияланған оқытуды жүзеге асыру: әдістемелік ресурстарды құру» атты облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинар өтті. Вебинарда Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Н. Болатбек арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде CLIL, TBLT әдістемелерін және BOPPPS моделін қолдану арқылы оқыту, Жаркент көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы А. Оразбай пән мен тілді кіріктіріп (CLIL) оқытуда тиімді әдістерді қолдануда өз тәжірибелерімен бөлісті.