2022 жылдың 27 қаңтарында «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын іске асыру мақсатында дарынды балаларға арналған Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы PISA, PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алаңын өткізді. Шарада математика пәні мұғалімі К. Раджапова және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Ж.Абдусаламова білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгісін көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.