Білім алушыларды халықаралық PISA зерттеуіне дайындау, ғылыми- жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуде «Физика пәнінен PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын оқушыларға ұсыну әдістемелері» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. Аталған шарада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Н.Жакыпова және Жамбыл ауданы Қарасу ОМ физика пәні мұғалімі, «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының жүлдегері Д.Бухарбаева ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды оқу мақсатына сай құрастыру және есептерді шығару жолдарын көрсетті.