Талдықорған қаласы, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлескен «Ойын әрекеті арқылы балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Мақсаты: Тәрбиеленушілердің тілдік құзыреттілігін ойын әркеті арқылы дамыту, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. Вебинарда Талдықорған қаласы, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері С.Даулетбаева, М.Асқарқызы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту жолдарын ұсынды. Талдықорған қаласы №12 «Бәйтерек» бала бақшасы тәрбиешісі С.Шидербаева балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда Фребельдің сыйы мен В.Воскобовичтің дамыту ойындарын ұтымды қолдану бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы «Балбөбек» бөбекжайы тәрбиешісі А.Малтенова, артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айта білуін жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетті. Шараға мемлекеттік, жекеменшік балабақша мен шағын орталықтан 100 педагогі қатысты. Талдықорған қаласы, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлескен «Ойын әрекеті арқылы балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Мақсаты: Тәрбиеленушілердің тілдік құзыреттілігін ойын әркеті арқылы дамыту, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. Вебинарда Талдықорған қаласы, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері С.Даулетбаева, М.Асқарқызы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту жолдарын ұсынды. Талдықорған қаласы №12 «Бәйтерек» бала бақшасы тәрбиешісі С.Шидербаева балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда Фребельдің сыйы мен В.Воскобовичтің дамыту ойындарын ұтымды қолдану бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы «Балбөбек» бөбекжайы тәрбиешісі А.Малтенова, артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айта білуін жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетті. Шараға мемлекеттік, жекеменшік балабақша мен шағын орталықтан 100 педагогі қатысты.