«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасын іске асыруда білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында «Білім сапасын арттыру жұмыстарының ұйымдастырылуы» тақырыбында облыстық тәжірибе тарату вебинары өтті. Іс-шара барысында Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ж.Скакова 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен білім алушылардың мәтінді түсініп оқу дағдысын қалыптастыру, география пәні мұғалімі Н.Алтынова 9 сынып білім алушыларының білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жер бедерінің классификациясы тақырыбы аясында өз тәжірибесін ортаға салды. Қазақ тілі пәні бірлестігі мұғалімдері білім алушылардың мәтінді түсініп оқу дағдысын жақсарту, өзіндік сыни пікір жазуға дағдыландыру, әр түрлі жанрда мәтіндер құрастыру жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдарымен бөлісті.