ТжКББ ұйымдары инженер-педагогтеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында келісімдерді, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуын талқылау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жұмыс беруші мен жұмысшының дәнекері» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинарда «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Б.К.Тұрысбеков, ұйымның заңгер-кеңесшісі Ә.Қайырхан «Еңбек даулары және оның шешілу жолдары» тақырыптарында ой бөлісіп, педагогтердің құқықтары бойынша қойылған сауалдарға жауап берді. Ал, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің аға шебері Г.А.Утепбергенова «Әлеуметтік серіктестермен түлектердің еңбек қатынасын тең құқықты ынтымақтастықта жүргізу» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға 90 инженер-педагог қатысты.