Білім алушыларды PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау, ғылыми- жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында «Химия пәнінен PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын оқушыларға ұсыну әдістемелері» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. Аталған шарада «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Е.Унанян, Сарқан ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Боранғазова, Ескелді ауданы Балпық би атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ә.Исабеков ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды оқу мақсатына сай құрастыру және есептерді шығару жолдарын көрсетті.