Білім алушыларды халықаралық PISA зерттеуіне дайындау, ғылыми- жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында «Биология пәнінен PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын оқушыларға ұсыну әдістемелері» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. Аталған шарада «НЗМ» ДБҰҰ Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Д.Айдабаева, Жамбыл ауданы Қарғалы №3 орта мектебінің биология пәні мұғалімі С.Джомартова, Талдықорған қаласы №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі А.Н.Литвинова ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды оқу мақсатына сай құрастыру және есептерді шығару жолдарын көрсетті.