Инновациялық педагогикалық тәжірибенің материалдарын әзірлеу және сараптамалық қорытындыға дайындау бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу пәні бойынша авторлық бағдарламасын құрастыру әдістемесі» тақырыбында оқыту вебинары өтті. Аталған шарада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Н.Жакыпова, Жамбыл ауданы Н.Құтпанбетұлы атындағы ОМ математика пәні мұғалімі Т.Айтқажы және Ескелді ауданы Жетісу ОМ география пәні мұғалімі Ж.Болысбекова авторлық бағдарламаларды сараптамалық қорытындыға дайындау бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды.