«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасын іске асыруда «Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында вебинар өтті. Аталған шарада Кербұлақ ауданы Нұрым орта мектебінің директоры Қ.Тұрысбаев білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі З. Нусипова, математика пәні мұғалімі Ж. Комекбаева, тарих пәні мұғалімі Э.Жаныбекова білім сапасын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын ұсынды. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева PISA халықаралық зерттеулер тапсырмалар құрылымы бойынша таныстырылым жасады.