Педагогтермен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруда әдіскерлердің практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті. Алаң жұмысына аудандық/ қалалық білім беруді дамыту оқу — әдістемелік орталығының қоғамтану (тарих, дінтану, құқық) пәндерінің әдіскерлері қатысып, сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету, педагогке ұсыныстар беруде сабаққа қатысу бойынша тәжірибе алмасты.