Инновациялық педагогикалық тәжірибе материалдарын әзірлеу және сараптамалық қорытындыға дайындау бойынша облыстық арнайы мектеп-интернаттар педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу пәні бойынша авторлық жұмыс бағдарламасын құрастыру әдістемесі» тақырыбында оқыту вебинары өтті. Аталған шарада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Н.Жакыпова авторлық жұмыстарды бағалау критерийлеріне тоқталса, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бөлім басшысы Ж.Дихамбаева сараптамалық қорытындыға дайындау бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсетті.