Мәтінмен жұмыс жүргізу, контестегі тапсырмаларды құрастыру мәселелері бойынша тарих пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тарих пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинар барысында оқу әдістемелік орталығының әдіскері Ә.Әуезова, Қарасай ауданы, Жармұхамбет атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Танабай, Ю.Гагарин атындағы №8 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназиясының тарих пәні мұғалімі, білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Тарих» пәні бойынша облыс тренері Л.Денебаева оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдарын ұсынып, тәжірибелік жұмыс жүргізді.