«Табысты басшы» жобасы аясында «Балабақшаны басқарудағы инновациялық қызмет» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы озық іс-тәжірибелерді тарату, әдістемелік қолдау көрсету. Аталған шарада облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік көшбасшысы — 2021» байқауының жүлдегерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Талдықорған қаласы №42 балабақша меңгерушісі Г.Тулымшакова білім беру платформаларын қолдану мүмкіндіктерін, ал Қарасай ауданы «Еркемай» балабақшасының меңгерушісі Г.Махашова «Фелтинг» технологиясы арқылы тәрбиеленушілердің бойына ұлттық құндылықтарды дарыту жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, Текелі қаласы №1 балабақша меңгерушісі А.Тугулбаева «Тревел бук кітабы» жобасы арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге, тілдік коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға бағытталған ойын түрлерін таныстырды. Шараға 100 мемлекеттік, жекеменшік балабақша меңгерушісі қатысты.