2021 жылдың 31 қаңтарда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.Рамазанов қатысты. Семинар барысында пәндер бойынша әдістемелік ұсынымдарды, ҰТО-ның мамандары білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу форматымен таныстырды.