Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы шетел тілі пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, педагогтерге әдістемелік қөмек көрсету мақсатында «Шетел тілі пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында республикалық вебинар өткізді. Оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Қабдұлова қатысушыларды құттықтап, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы тілдік пәндер зертханасының меңгерушісі Ғ.Мұқашева «Шетел тілі» пәнін оқытуды үйлестіру жөнінде сөз қозғады. Сәтті тәжірибелер панорамасында Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының педагогтері білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруда цифрлық платформаларды, ASSURE — сабақты жоспарлау моделін қолдану, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамытуда қолданып жүрген тиімді тәсілдерді ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті.