Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ инженер-педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған курс-практикумның маңызы» тақырыбында ««Bilim Land» компаниясының BILIMCENTER.KZ қосымша білім беруге арналған цифрлық білім беру порталымен бірлескен вебинар өткізілді.
Аталған шара барысында BILIMCENTER.KZ жобасының жетекшісі, Назарбаев Университеті түлегі, білім берудегі бағалау бойынша халықаралық ұйымдар мүшесі, әдіскер-консультант, бағалушы-эксперт Б.Баекеш командасымен курс-практикумның маңызы мен оқу, математикалық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтары бойынша PISA тапсырмаларын құрастырудың қадамдарын ұсынды.