«Нәтижеге негізделген білім берудегі интеграция» жобасын іске асыруда білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру және жою жұмыстарын жүргізу тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру» тақырыбында вебинар өтті. Аталған шарада Қаратал ауданы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Дандыбаев білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруда мектеп жұмысының алгоритмін көрсетті. Информатика пәні мұғалімі Ж.Мырзагулова оқу үрдісінде қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерімен бөліссе, педагог-психолог Ш.Касымбаева психологиялық сүйемелдеу жұмыстарына тоқталды.