Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтерге арналған «Білім алшулырадың білім жетістіктерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жетілдіру» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Мақсаты: Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингін жүргізуде жалпы білім беретін пәндерді және кәсіптік модульдерді меңгеру деңгейін жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес анықтау. Вебинарда Талдықорған қаласы М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері Ж.Бедельбекова мен Г.Бакиевалар өз тәжірибиелерімен бөлісті.