«Жаңа талаптың жаңа біліктілігі» жобасы аясында педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, үздік тәжірибені насихаттау мақсатында «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» практикалық сабақтар топтамасы өтті. Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Ш.Байбураева көшбасшылық қасиетті қалыптастырудағы жаттығулар мен ойындар, арнайы пән оқытушысы А.Джумабаева Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы тренері Г.Қазығұловамен бірлесіп дүниетану пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша сабақ жүргізді. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Д.Құсайынова программалау тілінің таңдау операторын қолдану тәртібімен жұмыс жасау, ал А.Абдрешева Google сервисте жұмыс жасау ортасын түрлі кәсіппен байланыстыру арқылы ІТ саласының мүмкіндіктерін үйретті. Практикалық сабақтарға қатысқан 240 инженер-педагог сабақтың бақылау парағын және кері байланыс формасын толтырды.