Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласының ДББҰ НЗМ педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп «Информатика пәні бойынша БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құру ерекшеліктері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Вебинарда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Адильбаева тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма әзірлеу алгоритміне тоқталса, ПШО филиалы тренерлері М.Сатаев және Н.Скирда бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің жолдарын көрсетті. Талдықорған қаласы №19 ОМГ гимназиясының информатика пәні мұғалімі Н.Ибраимова 7 сыныпқа арналған БЖБ тапсырмаларының үлгілерін ұсынды.