Алматы облысы білім басқармасы жанындағы алқа мәжілісінің «Білім беру ұйымын тиімді басқару – табысқа жетудің кепілі» тақырыбында өткен алаңда Талдықорған қаласындағы №28 IT мектеп-лицей өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп-лицей директоры Г.Еспанова цифрлық мектепті дамыту үшін әзірленген жол картасын таныстырды. Сонымен қатар мектеп директорының орынбасарлары тәлімгерлік үдеріс, іс-әрекеттегі зерттеу, PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыстарын ұсынды.