Алматы облысы білім басқармасы жанындағы алқа мәжілісінің екінші күні ұйымдастырылған алаңда Талдықорған қаласы М. Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» ДБААЛ «Бәсекеге қабілетті білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша тәжірибесін ортаға салды. Лицей директоры М.Галиева басқару жүйесінің алғышарттарымен таныстырды. Лицей ұжымы мектептегі ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, тәрбие үрдісінде оқушылардың Soft skills дағдыларын дамыту, PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындық жүргізу, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибелерін ұсынды.