Алматы облысы білім басқармасы жанындағы алқа мәжілісінің екінші күні «Білім беру ұйымын тиімді басқару – табысқа жетудің кепілі» тақырыбында тәжірибе алаңымен жалғасты. Талдықорған қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты директорының міндетін атқарушы А.Аширметов пен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Аббасов өз тәжірибелерінен «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын іске асыру механизмін көрсетті. Басқарма басшысының орынбасары А.Адамбекова тәжірибе алаңдарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен олимпиадалық, жобалық іс-әрекетін дамыту, PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын, мектепішілік бақылау мен оқу процесінің мониторингін жүргізу, цифрлық мектепті дамытуда бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер көтерілгенін атап, кері байланыс берді.