Алматы облысы білім басқармасы жанындағы алқа мәжілісінің екінші күні ұйымдастырылған тәжірибе алаңында Үштілде оқытатын №20 дарынды балаларға арналған арнаулы лицей «Білім сапасы — мектеп тиімділігінің көрсеткіші» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Лицей директоры С.Мамлеева лицей миссиясы мен құндылықтарына тоқталып, таныстырылым жасады. Сондай-ақ, лицей ұжымы «Білім алушылардың олимпиадалық және жобалық іс-әрекетін дамыту», «Мектепішілік бақылау және оқу үдерісінің мониторингін жүргізу», «Табысқа негізделген әдістерді қолдану», «Көптілді орта» тақырыптарында практикалық жұмыстар көрсетті.