Халықаралық PISA зерттеуінің балама тапсырмаларын әзірлеу және оқу үрдісінде қолдануда Кербұлақ ауданы ШЖМ пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті. Шара барысында Кербұлақ ауданы Дутов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Д.Абиров оқушыларға PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындатуда өз тәжірибесімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Қ.Сулейменова оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс түрлерін ұсынса, Ж.Дихамбаева жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы тапсырмаларының құрылымы мен құрастыру жолдарын көрсетті.