Бастауыш білім алушыларының білім сапасын арттыруда тиімді жолдарымен бөлісу мақсатында «Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында вебинар өтті. Аталған шарада әль-Фараби атындағы ДБАГ бастауыш сынып мұғалімі К.Нуриева, Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.Окапова, Н.Мукышева, К.Тәмпішова мен Талдықорған қаласы №12 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі О.Романчук бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу үлгілерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараға 100 педагог қатысты.