Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық съезі өтті. Аталған шараға басқарма басшысының м.а. Ж.Сүлейменова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері зертханасының аға ғылыми қызметкері Г.Кенжебаева, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен облыс педагогтері қатысты. Съезге қатысушылар қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Пленарлық отырыс секция жұмыстарымен жалғасын тапты. Секцияда облыс педагогтері қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін талқылады.