«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқуды ұйымдастыру: әдістері мен идеялары» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. Шара барысында Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Балалар үйі кітапханашысы К.Құдайбергенова кітап оқуға ынталандырудағы «Хабар» үйірме жұмысын көрсетсе, тәрбиеші К.Жексембаева Ы.Алтынсарин әңгімесі бойынша тәрбиеленушілермен кітап сағатын өткізді. 10 сынып оқушысы Федорович Виктория «Оқы және өзгеге сыйла» буккроссинг акциясы аясында өзі оқыған Р.Стивенсонның «Қазына аралы» кітабын мазмұндап, оқырмандарға ұсынды.