Халықаралық PISA зерттеуінің балама тапсырмаларын әзірлеу және оқу үрдісінде қолдануда облыстық жалпы білім беретін мектеп-интернат педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «PISA халықаралық зерттеулері аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Шара барысында Ескелді ауданы Байысов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі А.Амирханова әртүрлі шағын және көлемді мәтіндермен жұмыс жасау әдістерін ұсынса, Сарқан ауданы Абай атындағы МГ математика пәні мұғалімі Жанузақ Тилеген оқу мақсатарына негізделген PISA халықаралық зерттеулер тапсырмаларын оқу үрдісінде қолдану тәжірибесімен бөлісті. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы тапсырмаларының құрылымы мен құрастыру жолдарын көрсетті.