Қарасай ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі тәжірибесінен «Табысты мектеп, табысты мұғалім, Табысты оқушыға бір қадам» тақырыбында семинар өтті. Аталған шара барысында мектеп директоры А.Болымбекова «Табысқа жетудің біз таңдаған 9 қадамы» жобасын таныстырса, мектеп директорының орынбасарлары Г.Кайнарбаева, Г.Жолдасова «Оқыту мен оқудағы олқылықтардың орнын толықтыру алгоритмі» тақырыбында өз тәжірибелерін ортаға салды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ускенбаева мен М.Оскенбаева ашық алаңда табысты оқушыға жетелеудегі ата-ана мен мектептің ынтымақтастығы жайлы талқылау жүргізді. Сонымен қатар мектеп педагогтері тәжірибелік алаңда шебер-класс өткізді.