Бастауыш шағын жинақты мектептер меңгерушілеріне оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «БШЖМ: мәселелері мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында бастауыш мектеп меңгерушілері оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру, ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту, білім алушылармен өздік жұмысты жүргізу, біріккен сыныптарда бір пәндік жүйе бойынша мақсатқа бағытталған тапсырмалар мен саралау жұмыстарын жүргізуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушы бастауыш шағын жинақты мектептер меңгерушілері сабақтарға қатысып, сабақтан кейінгі талдау жүргізді. Облыстық әдістемелік орталығы әдіскерлері Ж.Дихамбаева мен Қ.Сулейменова сабақты тиімді жоспарлау мен талдау жолдарын ұсынды.