«Әр географ — өлкетанушы» жобасының «Туған жер» зерттеу бөлімі бойынша облыстық вебинар өтті. Шара барысында Талдықорған, Қапшағай қалаларының география пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері өз қалаларының экономикалық географиялық жағдайының бүгінгі келбеті мен болашағы туралы жан-жақты зерттеу жүргізіп, экономикалық-математикалық модельдеу әдісі арқылы таныстырды. Жергілікті жердің экономикасының қалыптасуы мен дамуын зерттеу, терең тану және жарнамалау мақсатында өткен «Өлке экономикасы» атты облыстық сырттай байқауының қорытындысы таныстырылды.