Олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Математика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» атты тәжірибе алмасу вебинары өтті. Вебинарда дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі Г.Оразәлі, Балқаш ауданы, Б.Бейсекпаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.Тоғанбай, Ақсу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.Қаймуханов, Қарғалы №2 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназиясының математика пәні мұғалімі Б.Халимбетов олимпиадалық есептерді шығарудың тиімді жолдарын ұсынып, практикалық жұмыстар жүргізді.
