Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқушыларға жаратылыстану ғылыми сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмаларды ұсыну» тақырыбында PISA-2022 халықаралық зерттеуге қатысатын мектептердің жаратылыстану пәндері мұғалімдерімен тәжірибе тарату вебинары өтті. Вебинарда Ескелді ауданы Балпық би атындағы ОМ химия пәні мұғалімі А.Исабеков, Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы ОМ география пәні мұғалімі А.Нестеренко, Ескелді ауданы М.Мәметова атындағы ОМ биология пәні мұғалімі М.Умирхалықова, Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы ОМ физика пәні К.Әйгелекқызы қатысқан мектеп мұғалімдеріне жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалардың оқушыларға ұсынудың тиімді жолдарын көрсетті.